Қоғамдық тыңдау
1 тоқсан қорытындысы бойынша Майбалық селолық округінің әкімі Нұрахметова Гүлнара Қабдолқызының қатысуымен қоғамдық тыңдау/ата-аналар жиналысы/ өтті. Мақсаты:Өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру. Жиналыс Майбалық селолық округінің әкімі Нурахметова Гүлнара Қабдолқызының сөзінен басталды.күн тәртібінде белгіленген жоспар бойынша психолог Молдабаев Аслан Серикович тренинг өткізді.Қауымдастық жиналысының төрайымы мен хатшысы сайланды.Төрайымы: Сарсекова Әлия Ескендірқызы,хатшысы болып Бралинова Акнұр Елубайқызын сайлады. Мектеп директоры Каленова Сапура Манапқызы«Жаңартылған білім мазмұны- заман талабы»атпен баяндама оқыды. Баяндама соңында ата- аналар тарапынан критериалды бағалау жөнінде сұрақтар туындады.Сол сұрақтарға Сапура Манапқызы жауап берді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Бралина Балжан Ережепқызы тоқталып өтті.Қауымдастық жиналысы ата- аналардың өздерінің ұсыныстарымен аяқталды. Жиналыс жақсы көңіл -күйде аяқталды.