8 наурыз
«Сәбит негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекмесі Халықаралық әйелдер күні -8 наурыз мерекесіне арналған іс-шара.
«Сәбит негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекмесі Халықаралық әйелдер күні -8 наурыз мерекесіне арналған іс-шараның есебі.
«Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешілері Бралинова Ақнұр Елубайқызы және Қалиева Ақерке Бірлікқызы «Менің анам әлемдегі ең жақсы адам» мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.Мерекелік ертеңгілікке аналар,әжелер шақырылды. Ертеңгілікке тәрбиеленушілер өздерінің өлең-жырларын,билерін ,өнерлерін көрсетті.Әсіресе «Үйшік» ертегісі бойынша сахналық көрініс көрсетті.Аналар мен әжелерге дастархан жайылды.
1 сынып жетекшісі Б.Е.Бралина «Отбасы –алтын діңгек» атты сайыс түрінде өткізілді. Сайысқа аналар балаларымен қатысты.Сайыс төрт бөлімнен тұрды.Номинациялар бойынша мақтау қағазымен марапатталды.
Н.М.Каленовтың ұйымдастыруымен Режиссер А.Сатаевтың «Анаға апарар жол» толық метражды көркем фильмін оқушылар мен мұғалімдер тамашалады.
1-4 сынып оқушылар арасында «Қуаныш пен сұлулық күн» суреттер көрмесіне оқушылар өздерінің туындыларынан анаға деген сүйіспеншіліктерін көрсетте білді. Орын алған оқушылар марапатталды.
«Аналар асыл жандар» тақырыптық ашық сабақты 2 сынып жетекшісі К.Б.Маликова,
1 сынып жетекшісі Б.Е.Бралина,6-8 сынып жетекшісі Л.Ж.Ажанова,7- сынып жетекшісі А.С.Молдабаев,9- сынып жетекшісі А.А.Сарсеков өткізілді.
2-ші сынып жетекшісі К.Б.Маликова «Ана-өмір шырағы» ашық тәрбие сағатты өтті.
Ашық тәрбие сағатты «Ақ мамам» әнімен ашылды.Оқушылар өз аналарына жүректен шыққан өлең шумақтарын, тілектерін арнады.
Н.А.Жусупова мен Л.Ж.Ажанова «Ана -тіршілік тірегі» мерекелік концерт ұйымдастырылды.Концертке әжелер, аналар, қонақтар шақырылды.А.С.Молдабаев «Анашым» әнің шырқап, көрермендердің көңілінен шықты.9-сынып оқушысы Ерсай Ұлпан Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңің оқып, аналардың көңілдерін бір тербетті.
Н.А.Жусупова мен Л.Ж.Ажанова «Ана -тіршілік тірегі» мерекелік концерт жақсы ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді